Атырауда интеллектуалды батл өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығының ұйымдастыруымен 27 ақпан Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар күніне орай интелекктуалды батл өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту және командалық жұмыс жасауды жетілдіру. Екі бөлімнен тұратын батлға қатысушылар хабарлама арқылы алдын ала тіркелген. Тренер, коуч Асқар Секербаев ҮЕҰ өкілдеріне бірінші бөлімде «Қар ұшқыны» бизнес ойынын ойнатты, мақсаты - қаржы жинауға үйрету. Екінші бөлімдегі «Үнемді өзгеріс» ойынын аясында жобаның ішкі процесін қаржы беретін демеуші-инвесторларға сәйкес жүзеге асыру және дамыту барысын үйретуді меңгереді. Ойынға сегіз топ болып 40-қа жуық адам қатысты.

- ҮЕҰ өкілдері, жетекшілер мен төрағалар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жасап жатқан жұмыстарыңызға, әлеуметтік бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Қоғамдық ұйымдар арасындағы атқарылатын жұмыс қоғамның дамуына үлкен көмегін тигізеді. Сіздер адамдардың азаматтық құқығын қорғап, қолдау білдіріп, рухани да қол ұшын бересіздер. Мұның барлығы халықтың игілігіне жарасын. Көп жылдық тәжірбиесі бар ұйымдар жастарға үлгі болсын, ара-қатынастарын дамытсын деген мақсатпен бүгінгі кешті ұйымдастырып отырмыз, - деді облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.

Іс-шараның қорытындысымен жеңімпаздарға жүлделі орындар табыс етілді. 1-орынды «Көшбасшы», 2-орынды «Мұрагер», 3-орынды «Бірлік» тобы иеленді.

Айта кетейік, бүгінде облыста 800-ге тарта ҮЕҰ бар. Оның ішінде, экология, аналарға көмек, балалар мен жасөспірімдерге, зағиптар және қолөнершілерге арналған қорлар мен бірлестіктерінің 190 үкіметтік емес ұйымдары белсенді жұмыс жасауда.