Атырау қаласы әкімінің жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулылары шыққан болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Онда: Юрий Гагарин, Өтепқали Исатаев, Академик Бинеш Жарбосынов, Автомобилист, Бисекенов және Арал, Академик Бинеш Жарбосынов, Мұрат Мөңкеұлы, Ырыс және Александр Пушкин (24 жер пайдаланушы), Юрий Гагарин, Жалғас Назарұлы, Ахмет Байтұрсынов, Әбдіреш Даулетов және Дүйсен Сүйесінов көшелері қиылысының аумағында орналасқан (64 жер пайдаланушы) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін белгіленді.
Жоғарыда аталған Атырау қаласы әкімінің қаулысы 130 жер учаскесі иелеріне «Казпошта» АҚ-ы арқылы қаулы жолданған болатын. Алайда, осы күнге дейін жоғарыда көрсетілген кварталда орналасқан меншік иелері құжаттарын құзырлы органға тек 130 жер учаскесінің 34 жер учаскесінің меншік иелері құжаттарын тапсырған. Қалған 98 жер учаскесінің меншік иелері құжаттарын тапсырмаған.
Осы орайда, жоғарыда аталған мекен-жайда орналасқан меншік иелеріне ақпарат алу үшін Атырау қаласы, Сатпаев көшесі, 5 мекен жайда орналасқан Қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жер учаскесінің құжаттарымен келулеріңізді сұралады.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8/7122/ 20 44 16, 20 44 17 нөмірі арқылы білуге болады.