Атырауда жалақы төлемеген 25 мекемеден 59, 9 млн теңге өндірілді

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 337 жұмысшының еңбекақысы толық өндірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ағымдағы жылы Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасымен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауда оның ішінде жалақыларын өндіру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметіне сәйкес, үстіміздегі жылдың 11 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен 25 мекемеден 337 жұмысшының 59, 9 млн теңге еңбекақылары толық өндірілді.

Мысалы, қараша айында Басқармаға азамат А-дан еңбекақысы бойынша облысымыздағы Ф. ірі кәіпорынына қатысты арыз түсті. Арыз негізінде мемлекеттік еңбек инспекторы аталған мекемеге қатысты жоспардан тыс тексеріс жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан орын алған заңсыздықтарды жою туралы нұсқама енгізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нұсқаманы орындау мақсатында, мекеме азаматқа 2 602 879 теңге жалақысын және 229 000 теңге әкімшілік айыппұлды толық төледі.