17 Қаңтар, 2023 394

Атырауда автобус билеті жоқтар жазаланбақ

 Атырауда автобус билеті жоқтар жазаланбақ

Енді Атырауда қоғамдық көлікте билет бойынша рейд жүргізілмек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы «СмартАтырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов мәлім етті. Айтуынша, соңғы кезде балалар мен зейнеткерлердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың карталарын пайдаланып кету жағдайлары жиілеген.

«Тексеріс мақсаты – билетсіз жүргендерді анықтау. Жолақы төлеуден жалтарғандарға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 622-бабының 2-тармағына сәйкес екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (6 900 теңге) айыппұл салынады» дейді ол.