Өтініш қабылдау мерзімі - осы жылдың 14 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өтініш беру:eatyrau.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаға 35 жасқа толмаған (қоса алғанда) азаматтар, қызмет саласына қарамастан Атырау облысының аудандарында «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелгендер қатыса алады.
Бағдарлама шарттары:
- Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%
- Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%-дан бастап
- Қарыз сомасы – 15 млн теңгеге дейін
- Несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін
- Тұрғын үй тек тұрғылықты ауданнан
Қатысу талаптары:
- ҚР азаматтығы
- Атырау облысында тұрақты тіркелу
- Жасы 35-тен аспауы
- Соңғы 5 жылда меншікті тұрғын үйдің болмауы және отбасы мүшелерінің атында да үй болмауы тиіс.
- Кемінде 1 жыл үздіксіз ресми жұмыс өтілі
- Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Қатысушылар санаты: медицина, білім, мәдениет, спорт саласы, коммуналдық қызметкерлер сондай-ақ ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ата-анасын қамқорлығынсыз қалған балалар; тұрғын үй кезіндегі жетім санаты, мемлекеттік қызметкерлер өтініш бере алады.
Аман ШАМАР

