Өңірде тұрғын үйлерге 60-қа жуық түтін датчигі қондырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыста жыл сайын 15 тамыздан бастап жылыту маусымына дайындық іс-шаралары өткізіледі, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топ қатарына жатқызылған азаматтарға аса көңіл бөлінеді. Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Ғабит Бабаевтың айтуынша, 2023-2024 жылғы жылыту маусымында қала бойынша 399 осал топқа жататын тұрғынның үйлері есепке алынып, оларға 100% үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар аталған тұрғын үйлерге жергілікті атқарушы органдар, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері мен еріктілер бірігіп рейдтік іс-шаралар өткізіп, 60-қа жуық түтін датчиктері қондырылды.