Атырауда әлі күнге дейін жылу жоқ па?

«Береке» шағынауданындағы көпқабатты №27 үйдің тұрғыны жылудың жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Атырау жылу желілері» акционерлік қоғамының бірінші тете-президенті Əлібек Темірғалиев аталған үйдің кейбір пәтерлеріне жылу берілмегенін растады. Ол сол үйдің пəтер иелері кооперативін кінәлады.

«Жылу жоғары қабатқа жетпей қалғн. Себебі, жылу жүйелерінің бойы бітеліп, оның өткізгіштік қабілеті төмендеген. Сондықтан әр қабаттағы коллектор сүзгілерін үнемі тазалап тұру қажет. Мұны қалалық тұрғын үй инспекциясы мен ПИК мамандары қадағалауы қажет» дейді ол.