Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Жасулан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысында 42 895 баланы қамтитын 319 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 252 мемлекеттік, 67 жеке меншік. Аталған мекемелердің 151 балабақша, 101 шағын орталық. Бұл ретте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 80% құраса, 2 жастан 6 жасқа дейін 82%, ал 3 жастан 6 жасқа дейін 100% болып отыр. Бүгінгі таңда 1-ден 6 жасқа дейінгі кезекте 14 809 бала тұр.
- Осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар аясында 9 балабақшаның құрылысы аяқталып, мемлекеттік актісі алынды. Олар Атырау қаласы Самал, Береке, батыс Береке, Ақжар-2, Еркінқала-2 шағын ауданындарындағы және Әбілқайырхан 72А, Байтұрсынов 80, Белинский 21 мекенжайларындағы 290 орындық балабақшалар,- деді Ж.Бисембиев.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 4 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.