Атырауда 300-ге жуық отбасы баспаналы болды

Қала бойынша биылдың 6 айында 214 адамға 3 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің тұрып жатқан тұрғын үй аумағының әлеуметтік нормасы шегіндегі өтініш берілген айдың алдыңғы тоқсандағы коммуналдық қызметтердің түбіртек-шоттары және отбасына кіретін табыстың 5 пайызының айырмасы ретінде белгіленеді.Бұл көмек аз қамтылған отбасыларға тағайындалады" делінген қалалық әкімдік хабарламасында.

Өткен жылы 275 отбасыға 11 млн 196 мың теңге көмек берілсе, 2021 жылы 291 отбасыға 12 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілген болатын.

Айта кетейік, тұрғын үй көмегін алу үшін азаматтар «Электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы өтініш бере алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ