Атырауда 158 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Жастарға арналған тұрғын үй, грант және кәсіби даму бағдарламалары кеңейтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі вице-министрі Айбек Сыдықов Атыраудағы кездесуде айтты.

«Жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары, кәсіби оқыту және стартап гранттары жүйелі түрде іске қосылды» деді ол.

Бағдарламалар 35 жасқа дейінгі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік және кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, шығармашылық жобаларды қолдау, мемлекеттік жастар сыйлықтары мен гранттар берілуі жалғасуда.

Айта кетейік, Атырау облысында өңірлік бағдарламалар аясында 158 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2 иегері өңірден шықты.