Атырау қаласының әкімдігі хабарлама жасады

Атырауда қала құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Атырау ауылдық округі аумағында орналасқан саяжай алаптарын (КСМ, Мелиоратор, Химик, Судоремонтник, Рыбник, Уралкаспрыбвод, Железнодорожник, Речник) жеке тұрғын-үй массивіне ауыстыру, қажетті инженерлік-инфрақұрылым жүргізу бағытында «Атырау қаласы Атырау ауылдық округіндегі 337,3 га саяжай алаңының топографиялық түсірілімімен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу» жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Талқылау 2023 жылы 27 қаңтар сағат 15.00-де Атырау ауылдық округі, Жаңаталап ауылындағы мәдениет үйінде болады.

Мекен-жайы: Жаңаталап ауылы, №1 көше, №9 құрылыс. Тел.: 8 (7122) 20-44-17.

 "Ұсыныстар мен ескертулерді archbuild_group@mail.ru почтасына жіберуге болады" делінген хабарламада.

Айта кетейік, басқа да бау-бақша қоғамдарында талқылау өткізу туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Сондай-ақ, Геолог шағын ауданы аумағында орналасқан саяжай алаптарын (Беймахис, Связист, Строитель, Геотекс) жеке тұрғын-үй массивіне ауыстыру, қажетті инженерлік-инфрақұрылым жүргізу бағытында «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Атырау қаласындағы Геолог ықшам ауданындағы округіндегі саяжай учаскелерінің 155.3 га алаңының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірге топографиялық түсірілім жасақтау» жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Талқылау 2023 жылы 13 қаңтар күні сағат 15.00-де Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылындағы мәдениет үйінде өтеді.

Мекен-жайы: Томарлы ауылы, Кенже Бектеміров көшесі, №33 құрылыс. Тел.: 8 (7122) 20-44-17.