Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 29 наурыз күні жұмыс сапарымен Индер ауданына барады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
29 наурыз күні сағат 10.30-да Есбол мәдениет үйінде Есбол ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Есбол ауылдық округінің 8(71234) 2-40-26 телефон нөмірі арқылы қосымша ақпарат алуға болады.