Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 22 ақпан күні жұмыс сапарымен Жылыой, Мақат аудандарына барады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
22 ақпан күні сағат 10.00-де №23 орта мектептің мәжіліс залында Жаңа Қаратон кентінің тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Сағат 16.00-де Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
8(71237) 5-06-83 Жаңа Қаратон, 8(71239) 3-02-76 Бәйгетөбе ауылдық округінің телефон нөмірі арқылы қосымша ақпарат алуға болады.