Атырау қаласының әкімі ауыл кәсіпкерлерімен кездеспек

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Құрметті Атырау қаласына қарасты ауылдық елді мекен тұрғындары! Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасындағы тапсырмасына сәйкес, 2022-2025 жылдарға арналған ауыл халқының табысын арттыру бағытында “Ауыл аманаты” пилоттық жобасы Атырау облысы аумағында жүзеге асырылуы жоспарлануда. Бағдарлама аясында жылдық 2,5 пайызбен жеке қосалқы шаруашылықтарға (ЛПХ) 2,5 мың айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 8,6 млн. теңге көлемінде микрокредиттер және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 8 мың АЕК немесе 27,6 млн. теңгеге дейін несие беру көзделген. Аталған бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша барлық ауылдық округтерде жиындар өткізілетінін хабарлай отырып, барлық ауыл тұрғындарын осы жиындарға қатысуға шақырамыз!" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение текст «ауыл халкынын табысын арттыру, каспкерлкт дамыту бойынша тусндрме жумыстарын жургзу максатында кала эKimİ м.калауидин ауыл тургындарымен кездесу кестесі кайыршакты ауылдык округ 6 маусым 2023 жыл caF 16.00 кенезек ауылдык округ томарлы мэдениет yйi 7 маусым 2023 жыл caF 16.00 дамбы ауылдык округ кенезек ауылдык округ экмдг 8 маусым 2023 жыл caF 16.00 алмалы ауылдык округ дамбы ауылдык клубы 9 маусым 2023 жыл caF 16.00 атырау ауылдык округ алмалы медениет γйi 13 маусым 2023 жыл caF 16.00 еркнкала ауылдык округ ф.онгарсынова атындары мектеп гимараты 15 маусым 2023 жыл caF 16.00 м.отемсов атындары орта мектеб»