«Атырау – Алматы» бағытындағы тальго пойызының қашан жүретіні белгілі болды

" №29/30 "Атырау - Алматы-2" бағытындағы коммерциялық пойызы бірінші қыркүйектен бастап қатынайды» деп хабарлайды ATPress.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на сілтеме жасай отырып.

Аталған бағыттағы пойыз күнара қатынайды. «Бірінші қыркүйектен бастап, №29/30 "Атырау - Алматы-2 " коммерциялық пойызы тағайындалады.

Үшінші қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 "Алматы-2-Атырау" пойызы күнара қатынайды» делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ сайтында.

Сурет: ашық көздерден