Қазір бұл өзекті мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі нен білгеніміздей, Қоянды топтық су құбырымен Азғыр аймағында елді мекендерді ауыз сумен түгел қамту мақсатында қосымша 6 ұңғыманы қазуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, жобаны іске асыратын мердігер мекеме анықталған болатын. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Декор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылды. Қосымша 6 ұңғыманы салу құрылыс жұмыстары 2022 жылдың желтоқсан айында бастау алды. Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы тиісті округ әкімдерімен ұңғыма құрылысы басында болып, жұмыстарымен танысты.
Нысан басында он төрт жұмысшы жұмыстар атқаруда, қазіргі уақытта үш ұңғыма қазылып аяқталды. Жоба бойынша 1-ші ұңғыма - 46 м, 2-ші - 44 м, 3-ші - 31м, 4-ші - 26 м, 5-ші - 37 м, 6-шы -36 метр тереңдікті құрайды. Құрылыс - монтаждау жұмыстары жалғасуда. Айта кетейік, осыған дейін Қоянды топтық су құбырында 6 ұңғыманың 1 ұңғыма толық, екіншісі жартылай жұмыс жасап тұрған болатын.