Бүгін №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ерекше балаларға арналған Алғыс айту күні аясында қайырымдылық шара өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Күрделі жөндеуден кейін жаңа жиһаздармен, басқа да құралдармен жабдықталған ойын бөлмесі ашылды. Шараға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен “Болашақ-Атырау” компаниясының өкілдері, Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы және “Новруз” этномәдени бірлестігінің басшылары қатысты.
Орталық директоры Анар Каюпованың айтуынша, мұнда 74 ерекше бала бар. Соның 41-і күндізгі уақытта.
“Балалардың ойын бөлмесіне шкаф, үстел, жұмсақ жиһаздар, бизиборд, логикалық, дидактикалық көрнекі құралдар мен музыкалық аппаратпен жабдықтады. Біз өте ризамыз” деп айтты А.Каюпова.
Қасиет Бахкерейқызы