Әкім Шоқпартоғай мен Береке тұрғындарымен кездесті

Жылыой ауданы әкімі Жұмабек Қаражанов алдымен Шоқпартоғай ауылының, кейін Құлсары қаласының Береке ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесуге аудан əкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, құқық қорғау орган өкілдері және коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер басшылары қатысты.

Аудан басшысы кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, алдыңғы кездесудегі талап-тілектердің орындалысы туралы ақпарат берді.

Ауыл тұрғындары өздерін толғандырып  жүрген мəселелерін: денсаулық сақтау, жол және жасанды кедергілер, аялдама, тоқ және интернет мәселелесі туралы көтерді.

Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаға тұрғындардан келіп түскен сұрақтар да оқылып, жиын барысында жауабы берілді.