КМК «Атырау облысы Су арнасы» 2026 жылғы 2 ақпанда Атырау қаласында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетініне байланысты салқын су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Ақсай шағын ауданының 14-көшесінде салқын су сағат 14:30-дан 18:00-ге дейін болмайды.
Коммуналдық мекеме тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қажетті су қорын алдын ала дайындап алуды ұсынды.
