Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифинг кезінде АҚШ Джо Байден басқарған тұста Қазақстанда жалған ақпаратпен күресуге 4 миллион доллардан аса қаржы жұмсағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистерге арналған брифингте Ливитт жаңа әкімшілікті сынап жатқан демократтарға үндеу жасағысы келетінін айтты.
Оның айтуынша, Байден әкімшілігі Гватемалада жыныс ауыстыру отасына 2 млн доллар, Мысырдағы тузимді қаржыландыруға 6 млн доллар, Ирактағы "Сезам көшесі" жаңа шоуына 20 млн доллар және Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге 4,5 млн доллар жұмсаған.
"Мен бұл тізімді әрі қарай да жалғыстыра аламын. Демократтар америкалықтар төлеп отырған салығының мынадай нәрселерге емес, орынды жұмсалып жатқанын білгісі келетіне шамданып отыр", - деді Дональд Трамптың баспасөз хатшысы.
Естіріңізге сала кетсек, Дональд Трамп инаугурация болған күні АҚШ тарапынан шет елдердің дамуына қандай да бір көмек көрсетуді үш айға тоқтату туралы заңға қол қойған еді.
Ол өзі президент болған тұста алдымен АҚШ-тың мәселелеріне назар аударғысы келетінін мәлімдеген болатын.
Фото pixabay