9 мамырда атыраулық ардагерлерге қанша төленбек?

Биыл 9 мамырда Ұлы Отанс оғысы жылдарындағы ерлігі мен тылдағы еңбегі үшін бұрынғы Кеңес Одағының орден-медаль иегерлеріне 100 мың теңгеден төленеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл біржолғы төлем болып табылады. Атырауда аталған санат бойынша 20 адам тұрады екен. Сондай-ақ, 1941 жылдың 22 мауысымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 алтайдан кем емес еңбек еткендерге 30 мың теңгеден төленеді. Өңірде ондай 518 адам бар.

Айта кетейік, биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл толады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ