8 наурызда автобус тегін қатынайды

Жылыой ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қоғамдық көліктерде нәзікжандылар тегін қатынайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «БатысТехИнвест» ЖШС-нің қолдауымен Құлсары қалаішілік және кент, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктер 8 наурыз күні нәзікжандыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ