Қала бойынша 2023 жылдың 5 айында 273 отбасындағы 1 482 адамға 90 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен азаматтарға тағайындалады.
Сонымен қатар, биылғы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 459 балаға 9 млн теңге ақшалай көмек ретінде берілді.
Айта кетейік, 2022 жылы 383 отбасының 2034 мүшесіне 184 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. Ал, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек азық-түлік жиынтығына және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығына 571 балаға 38 млн теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтама төленген.