2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен бірқатар қаржылық көрсеткіштердің көлемі өзгереді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл өзгерістер республикалық бюджет жобасында қарастырылған және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды көздейді.
Ресми мәліметке сәйкес, келесі көрсеткіштер жаңартылмақ:
Ең төмен жалақы - 85 000 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - 35 596 теңге;
Ең төмен зейнетақы - 69 049 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 4 325 теңге;
Ең төмен күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.
Бұл көрсеткіштер көптеген мемлекеттік жәрдемақылардың, айыппұлдардың, салықтық жеңілдіктердің және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Әлеуметтанушылар бұл өзгерістер халықтың табысын арттыруға оң ықпал ететінін айтады. Дегенмен, инфляция мен өмір сүру құны да ескерілетіні анық. Атырау облысында бұл өзгерістер мұнай-газ секторы мен мемлекеттік қызметкерлер арасында сезілуі мүмкін.
фото - AtyrauPress