Астраханда жаңа «омикрон» штаммының инфекциясы анықталды

Бұл туралы ресейлік Kaspyinfo.ru ақпааттық порталы жазды.

Науқастардың бірімен байланыста болған атасы мен әжесі  екпе алғандықтан ауырмаған.

Бұл туралы бүгін Астрахан облысының Денсаулық сақтау министрі Александр Буркин мәлімдеді. «Omicron қазірдің өзінде Астраханда. Тезірек өзіңізді сақтандырғаныңыз дұрыс. Коронавирус - ауыр полиморфты ағымы бар ауру, яғни ол ағзаның барлық жүйелеріне әсер етеді. Әсіресе, 60 жастан асқан адамдарға абай болған дұрыс. Астраханда қазірдің өзінде Omicron штаммын жұқтырудың екі жағдайы анықталды.

Вакцинация және санитарлық шараларды сақтау – біздің коронавирусқа қарсы басты қаруымыз» деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.