Бақытжан Ертаев: Жастар бұзылған жоқ, олар заманына қарай өмір сүріп жатыр

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 қаңтар. Тәуелсіздік жолында Қабанбай, Наурызбай, Райымбек және басқа да бабаларымыз қан төкті, жанын қиды. Әлемде тоғызыншы орын алатын жерді «ұрпақтарым мына елге еге болыңдар», деп аманаттап кетті.
Поделиться:  

«... Аллаға тәубе, дербес ел болдық. Енді оны сақтау біздің басты парызымыз!» - деді Құрманғазы ауданына арнайы сапармен келіп, шалғайдағы Сүйіндік, Азғыр ауылдық округтерін аралаған Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев

Генерал-лейтенанттың пікірінше, бұрын қазақтың кім екенін көбі білмесе, бүгінде елімізді әлем мойындады. «Мен қазақпын» деп айтатын дәрежедеміз. Астанда ЕХРО-2017 көрмесі, Сириядағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер өтуі соның дәлелі. 

«Осыны бүгінгі жастарға жеткізуіміз қажет. Қазір көп еститін әңгімеміз жастардың бұзылып кеткендігі. Жастар бұзылған жоқ, олар заманына қарай өмір сүріп жатыр. Біздің парызымыз оларға ақылымызды айтып, тәрбиесіне мән беріп, жақсы адам болып шығуына жағдай жасау деп білемін. Баяғыда үлкендеріміз бізді қасына отырғызып қойып ақыл айтатын. Бүгінгі үлкендер де солай етуі тиіс», - деді Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде. 

 

Қ. Ғұмаров

11.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх