Бокс мықтылары анықталды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 қаңтар. Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде Атырау облысы әуесқой бокс федерациясының жүлдесі үшін бокстан 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир өтті.
Поделиться:  

Сайыста 78 спортшы 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Үш күнге созылған байрақты бәсекеде ауданның былғары қолғапшылары да қарап қалмады. Алты спортшы жүлделі орыннан табылды.

Жансерік Қайратұлы 48 келі салмақта І орынға қол жеткізсе, Мұрат Фархат «Жеңіске деген жігері үшін» және Доссор дене шынықтыру және спорт кешенінің бокс жаттықтырушысы Сәндібек Сақтанов «Әділ төреші» атағына ие болды. Ал, 34 кг салмақтағы Алмат Рахмет (Құрманғазы ауданы) «Ең үздік боксшы» атағына лайықталып, арнайы кубокқа ие болды.

 

Е. Мырза

11.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх