Атыраудан шыққан Батырғали Әбілмансұр Азия чемпионы атанды!

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 мамыр. Жапонияның Окинава аралында өткен карате спортынан жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысқан атыраулық Батырғали Әбілмансұрдың Азия чемпионы атанғандығы туралы сүйінші хабарды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратып отыр.
Поделиться:  

68 келі салмақта өнер көрсеткен Батырғали Әбілмансұр төрт кездесу кезінде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп шыққан. Атырау қаласы, Еркінқала ауылының тумасы Әбілмансұр жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогның иегері болып табылады. Қазіргі таңда ол "Қайсар" спорт клбуында жаттығып жүр.

 

Бек Әзберген

13.05.2018
Поделиться:  
 
Наверх