Қала көшелерімен 200 велошабандоз жүріп өтті

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 16 сәуір. Бүгін Атырауда велошеру маусымының ашылуына орай екі жүзден астам велошабандоз қаланың орталық көшелерімен шеру жасап өтті. Велошеруге отбасымен қатысып жатқандар да бар.
Поделиться:  

Атырау қалалық спорт бөлімі ұйымдастырған марафон таңертеңгі сағат 11-де кіші өнер академиясының алдынан басталып, орталық көпір – Азаттық даңғылы - Әуезов көшесі – Жилгородок көпірі – Авангард – Владимирский, Сәтпаев көшелері арқылы өтіп, «Тамаша» сауда ойын-сауық орталығы алдында қорытындыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеру Атырауда веломарафон маусымының ашылуына байланысты ұйымдастырылған. Қатысушылардың жасына шектеу қойылған жоқ. Велошерудің жүру маршруты жеті шақырым.  

- Атырау қаласында ұйымдастырылатын велошерулерге жыл сайын қатысып келемін. Бүгінгі марафонға мектеп жасындағы ұлым мен қыздарымды да ала келдім, - дейді Марина есімді қатысушы. 

 

Мереке Асанова

Сурет Нұрбейбіт Нұғымановтікі

16.04.2017
526
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх