Журналистер конкурсына материал қабылдау жалғасуда

Мы в соц. сетях:   

АTPress.kz. 20 сәуір. Журналистер арасында ауылшаруашылығы кооперациялары туралы ең жақсы материалдарға конкурс жалғасады. Байқау 2017 жылдың 1 ақпанында ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қолдауымен өткізілуде.
Поделиться:  

Конкурстың мақсаты – мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылған міндеттерді және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылдағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ақпараттық қолдауға бағытталған БАҚ-ның ең үздік жұмыстарын анықтау. Конкурсқа республикалық, және аймақтық БАҚ өкілдері, штаттық – штаттан тыс журналшылар, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілетін болады: БАҚ баспасы (газеттер, журналдар), радио, ТВ, Интернет-БАҚ. 

Конкурс туралы материалдармен және ақпаратпен ҚР АШМ және «ҚазАгро» холдингі» АҚ сайттарында танысуға болады. Қатысуға өтінімдер мен конкурстық материалдарды беру 2017 жылғы 10 маусымға дейін:  pressminagri@gmail.com электрондық поштада қабылданады. 

 

Мереке Асанова

20.04.2017
83
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх