Жас инспекторлар сынақтан өтті

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 21 сәуір. Бүгін Атырауда ұйымдастырылған жас инспекторлардың дәстүрлі слетіне жетпістен астам болашақ жас инспекторлар қатысты. Атырау қаласындағы мектептердің 6-7 сынып оқушыларынан іріктеліп алынған сайысқа жол полициясы қызметкерлері қазылық жасады.
Поделиться:  

Іс-шараны ұйымдастырушы, Атырау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Жалғас Жолмағамбетовтің айтуынша, жасөспірімдермен және балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, балаларға жол қауіпсіздігін түсіндіру мақсатындағы бұл сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 

- Атырау қаласының жеті мектебі оқушыларының басын біріктірген бұл байқау тәртіп пен бірізділікке тәрбиелейтін 10 кезеңнен тұрады. Бірінші, екінші орын алған мектеп командалары алдағы аптада облыстық жас жол инспекторлары байқауына қатысады. Одан жеңімпаз атанғандар республикалық сайысқа жолдама алады, - дейді Ж. Жолмағамбетов.

- Осы дәстүрлі жас инспекторлар слетіне жыл басынан бері дайындалып жүрміз. Мектепішілік жарыстар қызықты әрі көңілді өтеді. Отбасымда инспектор болып қызмет атқарған адам болмаса да, болашақта құқық қорғау саласының қызметкері болсам деген қызығушылығым бар, - дейді жарысқа Ғ.Мұратбаев атындағы мектептен келген «Бағдаршам» командасының мүшесі Адина Ермешова

 

Нұрбейбіт Нұғыманов 

Сурет автордікі

21.04.2017
741
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх