Халықаралық туристік көрмеде Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттер ойнатылуда

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 16 сәуір. Қытай астанасы Пекин қаласында өтіп жатқан «China Outbound Travel Market» халықаралық туристік көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді ресми түрде ашылды.
Поделиться:  

Салтанатты шараға Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов қатысты.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы таратқан баспасөз бетшесінде Қазақстанның бұл көрмеде «Қала және белсенді туризм үйлесімі» атты тақырыпты ұсынғаны айтылады. Тақырып аясында Қазақстандағы қалалық экскурсиялар, MICE туризм, шоппинг, транзиттік турлармен қатар эко- және этно-туризм түрлері туралы ақпарат беріледі. 

Kazakh Tourism ұйымдастырған ұлттық стендтің бірден-бір ерекшелігі – онда әлемге танылған әнші Димаш Құдайбергеннің Шэньчжэнь қаласында өтетін концертіне билеттер ойнатылуда. Ол үшін көрме қонақтары стендте орналасқан фотоаймаққа келіп, әншінің фотомүсінімен суретке түсуі тиіс. «Қытай туризм тұрғысынан бірінші кезектегі нарықтардың бірі. Сондықтан, Қытайдың сыртқы туризмнің ең беделді көрмесінде Қазақстанның ұлттық стендін ұсынып отырмыз. Стенд тұжырымдамасы Қазақстандағы қалалық және белсенді туризмнің синергиясына негізделген, бұл – әр түрлі зерттеулер бойынша қытай туристері арасында ең танымал демалыс түрі», - дейді Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Қ. Сәдуақасов.

Көрмеге Қытай Халық Республикасы нарығына мамандандырылған Қазақстандық 12 туроператор қатысуда. 

 

Тасым Әбіш

16.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх