Теңіз кенішінде 29 жастағы жігіт қайтыс болды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 17 мамыр. Атыраудағы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 29 жастағы жігіт қайтыс болды. Қайғылы оқиға 21 сәуір күні тіркелген. Бұл туралы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы хабарлайды.
Поделиться:  

Олардың айтуынша, аталған азамат Теңіз кенішіндегі аялдамада қызметтік автобусты күтіп тұрған кезде өзін нашар сезінген. Дереу жедел-жәрдем көлігі шақырылып, олар жігітті ТШО-ның клиникасына алып кеткен. Кейін атыраулық азаматты Құлсарыдағы ауруханаға жатқызыпты. 

Алайда, көпке дейін өз-өзіне келе алмаған жігіт 25 сәуір күні көз жұмған. Дәрігерлер диагнозын «инсульт» деп бекітіп отыр. 

Айта кетейік, қайтыс болған жігіт - 1989 жылы туған Доссор кентінің тұрғыны. Теңіз кенішіндегі «Юлмар-Сервис» ЖШС-інде оқшаулаушы (изолировщик) маман болып қызмет атқарған екен. 

Бүгінде қайғылы жағдайға байланысты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

 

Айқара Ғұмар

Фото abctv.kz сайтынан алынған

17.05.2018
Поделиться:  
 
Наверх