Тіркелмеген азаматтар тегін емделе алмайды

Мы в соц. сетях:   

АTPress.kz. 13 сәуір. Келесі жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандырылудан өтіп, мәртебесі анықталмаған азаматтарды жоспарлы емдеу ақылы түрде жүзеге асады. Сондықтан 2017 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғындар қалаған емханаларының біріне барып, өзінің мәртебесін анықтауы тиіс.
Поделиться:  

Мәртебеңізді анықтау деген сөз – өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататындығыңызды білу. Сіз үшін медициналық сақтандыру қорына жарнаны кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе? Осыны қазірден түсініп алу шарт. 

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Атырау облыстық филиалының директоры Майра Кашкенова мәлімдеді. 

 

Медициналық тіркеуге тұрып, әлеуметтік мәртебесі анықталмаған тұрғындарды жоспарлы түрде тегін емдеу 2018 жылдан бастап тоқтатылады. Тіркелмегендерге жедел медициналық көмек қана көрсетіледі. Ал дертіне ем алуының барлығы ақылы түрде жүзеге аспақ. 

Мәселен, сіз тіркеуге тұрмаған, мәртебесі анықталмаған азамат делік. Қалтаңызда қаржыңыз болмай, ем алу мақсатында емханаға бара қалсаңыз, дәрігер сіздің сырқатыңызды анықтап, ем-дом қабылдауыңызға кеңес береді. Немесе ота жасатуға т.б ем көрсету үшін қанша қаржы төлеу керектігіңізді ғана есептеп бере алады. 

- Ал, тіркеуде тұрған азаматтар ауырмай, аурудың алдын алу үшін барса да оларға дәрігерлер тегін қызмет көрсетуге міндетті. Мәртебесі анықталған азамат өзінің тіркелген емханасында ғана емес, Қазақстанның қай қаласына барса да, емханаларды таңдап жүріп, ақысыз ем алуына мүмкіндігі бар. Бұл жаңалық тұрғындардың барлығына ақпараттандырылуы тиіс, - деді Майра Кашкенова. 

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі

13.04.2017
Поделиться:  

Comments (2)

  1. асан 13 april 2017, 16:18 # 0
    Міндетті медициналық сақтандырудан өту міндетті боп тұр ма сонда, өз ақшамызға емделе берсек кайтеді
    1. Мұрат 23 april 2017, 20:17 # 0
      Жұмыссыздарға кім төлейді ақшаны
       
      Наверх