Су тапшылығын жою үшін қаржы бөлінеді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Атырау облысының суару жүйелері толығымен пайдаланылуы тиіс. Бұл үшін барлық жүйені жаңарту қажет.
Поделиться:  

«Махамбет ауданында өткен кеңесте Атырау облысының əкімі осындай міндет жүктеді», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл саланың басты мəселесі сол, көптеген су арналары бітелген жəне тозған. Оларды жөнге келтіру миллиардтаған қаржыны талап етіп отыр.  

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, жергілікті атқарушы органдар қаржыландыруды өз мойнына алып отыр. «Мəселені кешенді түрде шешу қажет. Баршаңызға мəлім, Атырау облысында су тапшы. Əр тамшы судың сұрауы бар. Сондықтан, барлық жұмыс жасап тұрған су арналарын шалғайдағы елді мекендерге су беру үшін пайдалану қажет. Бұл егіс алаңын ұлғайтуға, мал шаруашылығына жаңа серпін береді», - деді Нұрлан Ноғаев. 

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, суару жүйелерінің қуатын арттыру жобасын жүзеге асыру үшін шамамен 2 млрд теңге қажет. Аймақ басшысы бұл қаражатты бөлу қажет деген шешімге келді.

Айта кетелік, «Казсушар» мекемесінің мәліметінше, бүгінде төрт су арнасы аймақтың коммуналдық меншігіне берілген. Ал 11 су арнасы республикалық меншікке тиесілі. Ағымдағы жылда он су арнасы жергілікті басқарманың балансына өтетін болады. 

 

Бек Әзберген

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх