Серік Шапкенов атыраулықтардан не үшін кешірім сұрады?

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қаңтар. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамаққа алынған шенділер үшін Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов кешірім сұрады. Бұл туралы қала басшысының Facebook желісінде қалдырған жазбасынан белгілі болып отыр.
Поделиться:  

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша екі басшы туралы көп әңгіме тарап жатқанынан хабардармын. Қазіргі таңда осы екі басшы да қамауда және олар сот шешімін күтіп отыр. Олардың қаншалықты шалыс қадам жасағанын сот айқындайды. Дегенмен, мен қала тұрғындарынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы басшылардың құқық қорғау органы өкілдерінің назарына іліккені үшін кешірім сұраймын. Мұндай жағдай тікелей басшы ретінде маған абырой әкелмейтінін жақсы түсінемін. Біз өз арамызда сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңсыз әрекеттерге жол бермеуге барымызды саламыз», - деген пост қалдырды Серік Шапкенов Атырау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

 

Бек Әзберген 

Сурет: 365info.kz

13.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх