Серік Шапкенов 14 ақпан күні есеп береді

Мы в соц. сетях:   

14 ақпан күні Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов қала тұрғындары алдында есеп береді. Атырау қаласы әкімі аппаратының хабарлауынша, Махамбет атындағы қазақ драма театрында өтетін жиын жергілікті уақытпен сағат 10.00-ге жоспарланып отыр.
Поделиться:  

«Атырау қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылға арналған міндеттер туралы» кездесуге орай, ұсыныс-сұрақтар қабылданады. 

Тұрғындардың қала әкіміне қояр сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін қала әкімдігі ғимаратының алдында, «Сарайшық Атырау» коммуналдық сауда орны ғимаратының кіреберісіне және Халыққа қызмет көрсету орталықтары ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.

Сонымен қатар, ұсыныс-сұрақтарды қабылдау үшін қала әкімдігінің 27-09-62, 32-02-33 телефон желілері, www.atyrau.gov.kz сайтындағы қала әкімінің блогы және Facebook әлеуметік желісіндегі «Атырау қаласының әкімдігі» (@atyrauakimat) бетшесі жұмыс жасайды.

Қала әкімінің есебі «Қазақстан-Атырау» телеарнасында тікелей трансляция арқылы көрсетіледі деп күтілуде.

 

Бек Әзберген

06.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх