Нұрлан Ноғаев үндістандық елшіні қабылдады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 12 сәуір. Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумарды қабылдады.
Поделиться:  

Кездесу барысында қос тарап Қазақстан мен Үндістан, соның ішінде Атыраумен арадағы әріптестік байланыс мүмкіндіктерін талқылады. 

- Бүгінгі күні Атырау облысының Үндістанмен тауар айналымы 547 млн долларды құрайды. Өңірде үндістандық капиталдың қатысуымен 20 компания жұмыс жасайды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының барлық салаларына инвестициялар тартуға үлкен көңіл бөлуде. Осы факторды ескере отырып, бізде шетелдік инвесторлардың капитал салуын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар, - деді Нұрлан Ноғаев.

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумар экономикалық ынтымақтастықтың маңызы зор екендігін айтты. «Қазақстанда біздің еліміздің бизнесінің қатысуымен 200-ден аса компания жұмыс жасайды. Біздің сапарымыздың бағдарламасына қазақстандық тараптың да, үндістандық тараптың да әлеуетті инвесторларымен кездесу енгізілген», - деп атап өтті елші. 

 

Тасым Әбіш

12.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх