Махамбетте жалға техника беретін орталыққа сұраныс артуда

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 12 қаңтар. Махамбет ауданының әкімі Сырым Рысқалиев кәсіпкерлермен бейресми форматта кездесіп, ашық сұхбат өткізді.
Поделиться:  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында алға қойылған нақты он міндет сараланған кездесуде кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер де ортаға салынды. Бизнесмендер шағын ауылдардан кәсіп ашып, жұмыс орындарын көбірек ашу арқылы, жастарды ата қонысқа тұрақтандыруға атсалысу қажет деп есептейді. Заманауи технологияға негізделген кепілді өнім беретін көкөніс, жеміс-жидек өңдейтін кешен салу, Алғадан алма бағын өсіру туралы ойларымен бөліскен шаруагерлердің дені жер жыртатын жарамды трактордың жоқтығын алға тартты. 

«Егер, ауданда жалға техника беретін, техникалық жөндеу жасайтын мекеме ашылса, ұзақ мерзімді келісім-шарт жасар едік», - деген кәсіпкерлер, әлі күнге дейін құжаттарды рәсімдеуде әкімшілік кедергілерден арыла алмай отырғандарын айтты.

 

Ф. Қожанова

12.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх