Мұнайлы өлке 300 білім грантын бөледі

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 сәуір. Атырау облысында биыл өңірлік 300 білім гранты беріледі. Сол арқылы аймақта маман тапшылығы мәселесі шешімін табады. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясындағы студенттермен кездесу кезінде айтылды.
Поделиться:  

Кездесу барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелерін талқылады. Премьер өз сөзінде болашақтың мамандықтары бойынша кадр даярлау және қайта дайындау, техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттарды көбейту, еңбек нарығындағы өзгерістерді және цифрландыру мен автоматтандыру жаңалықтарын ескере отырып, қажетті дағдыларды үйрету туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұнайлы өлкеде бүгінде үш жоғары оқу орны мен жиырма бес колледж барын атап өтті. «Бүгінде 100 орындық екі жатақхана құрылысы жүріп жатыр. 100 және 150 орындық екі жатақхана құрылысына тендерлік рәсімдер жасалып, жалпы сыйымдылығы 960 орындық 8 жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Елбасының тапсырмасымен «ҚР Білім туралы» заңына өзгертулер енгізілді, сол арқылы өткен жылдан бастап Атырау облысында жергілікті бюджеттен маман тапшылығы бар салалар бойынша 222 өңірлік грант берілді. Осы мақсатқа 106 миллион теңге бөлінді», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Айта кетелік, бүгінгі таңда өңірлік грант арқылы 222 студент білім алуда. Оның ішінде 35 студент дәрігер, 178 студент мұғалім, 9 студент ауыл шаруашылығы саласы мамандығын таңдаған. Биыл 300 грант бөлу жоспарланып отыр. Өткен жылы 222 грантты алуға облыс бойынша 700 мектеп түлегінен өтініш түскен. Қазір грант ұтып алуға ниетті абитуриенттермен белсенді жұмыс жүруде. Өңірлік гранттар облыстағы кадр жетіспеушілігі бар салаларға бағытталған. Мысалы, 2016 жылы 240 дәрігер жетіспеген болса, былтыр салаға 126 дәрігер келді. «Бағдарлама жалғасын тапса, алдағы бес жылда Атырау облысында маман тапшылығы мәселесі шешіледі», - деп атап өтті аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Жиналыс қортындысы бойынша Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жауапты министрліктер мен жергілікті атқарушы органға нақты тапсырмалар берді.

 

Тасым Әбіш

14.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх