Кәріз суын тазарту станциясы бой көтереді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Атырауда кәріз суын тазарту станциясы салынады. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру жиынында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов мәлімдеді.
Поделиться:  

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аталмыш станция облыс орталығының сол жақ бөлігінің кәріз суын тазарту проблемасын толықтай шешуге мүмкіндік береді.

Келер жылы іске қосылатын станция жобасының жалпы құны 10,1 млрд.тенге. «Қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз суын тазарту құрылғылары кешені Атырау қаласының оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасады. Бір айта кетерлігі, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін тұрғындардың бірнеше жылдар бойы шағымдарын туғызып келген «Сасық сай» жабылады. Кешенде бас кәріз станциясы, тазартылмаған судың құрастырмалы коллекторы, кәріз суын тазарту құрылғысы алаңы, булану алаңы мен биологиялық тоған алаңы болады», - деп атап өтті Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов

Кешен қуаты тәулігіне 70 000 куб метр суды тазартуға шақталған. Пайдаланылған суды тазарту кезең кезеңмен механикалық және биологиялық әдіспен жүргізіледі. 

 

Бек Әзберген

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх