Доссорда экологиялық таза өнім өндіретін жылыжай ашылды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 9 қаңтар. Доссор кентінде экологиялық таза өнімдерімен ерекшеленетін жылыжай ашылды.
Поделиться:  

«Утебаев Тәжіғали» жеке кәсіпкерлігі «Бизнес аймақ» мемлекеттік бағдарламасы көмегімен несие алып, 400 шаршы метр жерге жылыжай құрылысын салды. Талапқа сай жабдықталған кешенде көкөніс егу жұмыстары басталып кетті. 

Бұған дейін құрылыс саласында кәсібін бастаған кәсіпкер осылайша бау-бақша ісіне мойын бұрып отыр. Арнайы органикалық тыңайтқыштарды өз қолымен дайындаған Тәжіғали химиялық қоспалардан да бас тартуда. 

«Берілген жердің 240 шаршы метрін қазір пайдаланып бастадық. Қалған 160 шаршысына жазғы егінімді егуді жоспарлап отырмын. Қызанақ пен қиярдан өзге аскөк, көк жуа сынды дәмдеуіштерді де егіп қойдым. Гүл егу де жоспарлы ісімнің бірі. Құнарлы әрі сапалы табиғи өнімді өсіру – басты мақсатым. Ісімнің оңға басып, нәтиже шығуына жұмыстамын», - дейді Тәжіғали Утебаевтың өзі.

 

Е. Мырза

09.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх