Депутат қарияға тосын сый жасады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 4 қазан. Атырау қалалық мәслихатының депутаты өңірдегі Қарттар үйінің тұрғыны, әуесқой спортшы Мәди Омаровқа тосын сый жасады. Яғни, аса қажеттілік туғызған есту аппаратын сыйға тартты.
Поделиться:  

Мәди ақсақал тағдырдың ауыр соққысына төтеп берген қайсар жан. Жасы 80-ге таяп қалса да белсенді түрде спортпен шұғылданады. Қыста қардан аққала соғып,  балаларға қуаныш сыйлағанды жаны сүйеді.  Ескі заттарға екінші өмір беріп, түрлі қолөнер бұйымдарын да жасайды.

«Соңғы кезде құлағым дұрыс естімей, көп қиындық көріп жүр едім.  Қатты толқып тұрмын. Сөздің емес, істің адамы екенсің, балам! Отбасыңның қызығын көр», - деп қария қалалық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиевке алғысын жаудырды.

«Мәди ата туралы алғаш рет газет бетінен оқыдым. Қарияның өмірге деген құлшынысы, ұстанымы қатты ұнады. Қам көңіл қарттарымызға қамқорлық көрсету баршамыздың парызымыз», - дейді Әлібек Семғалиев. 

Депутаттықтан бөлек облыстық кикбоксинг федерациясын басқаратын азамат алдағы уақытта Мәди ақсақалды спорт саласындағы қоғамдық шараларға қатыстырып, өз қамқорлығына алуды жоспарлап отыр. 

 

Айдос Қарабала

04.10.2017
Поделиться:  

Comments (1)

  1. Знающий 04 october 2017, 15:57 # 0
    Дұрыс жасаған екен! Жарайсын, бауырым! Енді басқа депутаттар да осы кісіден үлгі алса, жақсы болар еді
     
    Наверх