Діни сеніміне байланысты Атырау облысында 53 оқушы мектепке бармай отыр

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қаңтар. Атырау облысы бойынша діни сеніміне байланысты мектепке бармай отырған оқушылар саны бүгінде 53-ке дейін азайды.
Поделиться:  

Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында жергілікті білім беру басқармасының бөлім басшысы Байжан Шамұратов мәлімдеді.

«Оқу жылының басында мектепке хиджабпен келген оқушылар саны 328 болатын. Ата-аналармен арада жүргізілген түсінік жұмыстарының нәтижесінде оқушылар саны айтарлықтай азайды. Қазір мектеп формасын қабылдаудан бас тартып отырған оқушылар саны – 53. Оның ішінде 32 оқушы - Атырау қаласы, 20 оқушы - Жылыой және бір оқушы Қызылқоға ауданы бойынша тіркеліп отыр. Мемлекет дінге қарсы емес. Бірақ, заң барлығына ортақ. Мектеп формасы бәрібір сақталуы тиіс», - деп атап өтті спикер.

 

Бек Әзберген

Сурет: Tengrinews.kz

13.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх