Биыл Атыраудағы 227 көшеге асфальт төселеді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 17 мамыр. Биыл Атырау қаласындағы 227 көшеге тас жол төселеді деп жоспарланып отыр. Бұл 211 шақырым жолды құрайды, дейді өңірлік коммуникациялар қызметі.
Поделиться:  

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлағандай, бүгінде «Көкарна», «Бірлік», «Мұнайшы», «Геолог», «Жұлдыз-3», «Жұлдыз-1,2» ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жолдың құрылысы жүргізілуде.

«Биыл Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 227 көшенің жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекендерде басталады», - дейді қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Ақесен Ибрагимов.

Осы орайда, биыл 20 мың шаршы метр жолға шұңқырлы жөндеу жүргізу жоспарланғанын, оның ішінде 3770 шаршы метр жол жөнделіп біткенін айта кеткен жөн.

 

Айқара Ғұмар

17.05.2018
Поделиться:  
 
Наверх