Бибоз Шаяхметов өзін жетілдіруге асықпайтын мұғалімдерді сынға алды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 16 сәуір. «Кез келген мұғалім оқушыға сапалы білім беру үшін кемінде екі жылдан бастап санатын көтеруге жұмыстанады. Ал, біздің мектептерімізде бірнеше жыл бойы санатсыз жүрген педагогтар бар. Олар өздерін жетілдірмегендіктен, мектептің де деңгейі көтерілмей келеді», - деді Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз Шаяхметов ұстаздар мен ата-аналардың басын қосқан жиында.
Поделиться:  

Айта кетелік, тәуелсіздік жылдарында ең көп реформаға ұшыраған білім саласы болды. Әр ұлттың болашағы оның білім сапасының деңгейімен өлшенетінін ескерсек, саладағы өзгерістерге баламен бірге ата-ана да үнемі дайын болуы керек.

«Демек, шәкірттердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру туралы міндет орталықта ғана емес, аудан, әр ауыл, елдімекендерде де жоғары деңгейде жүзеге асуы тиіс», - деді Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз Шаяхметов

 

Қ. Ғұмаров

16.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх