Бұрынғы «Қиял әлемі» саябағының аумағы мемлекет меншігіне қайтарылды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Атырауда бұрынғы «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағының аумағы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру жиынында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов айтты.
Поделиться:  

Қала басшысының айтуынша, бұл мәселенің бірнеше жылдан бері шешімін таппай келуінің өзіндік себептері болған. «Мәселен, саябаққа арналған жер бастапқыда бизнес нысаны құрылысына беріледі. Бірақ, белгісіз себептермен учаске игерілмейді», - делінген Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Атыраудағы көрнекі орындардың бірі Жеңіс саябағы жанындағы аумақ осылайша мемлекет меншігіне қайтарылып отыр. Оның болашақтағы тағдыры қалай шешілетіні туралы әзірге мәлімет жоқ.

 

Бек Әзберген

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх