Атырауда жыл аяғына дейін сегіз тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қараша. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ орталығынан жаңадан бой көтеріп жатқан «Береке» тұрғын үй кешенінің құрылысын тексерді.
Поделиться:  

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Ноғаев құзырлы органдарға құрылыс мәдениетін сақтауды тапсырған.

«Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған адам оған қалай жөндеу жүргізу керегін немесе құрылысшылардың кемшілігін қалай дұрыстауды ойламауы керек», - деген облыс әкімі  қабылдау-тапсыру  актісінде қосымша өзгертулер мен қайта түзету болмауы керектігін, яғни, сапалы жұмыс атқаруды тапсырды. 

Айта кетелік, биыл Атырау облысы бойынша жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр болатын 37 тұрғын үй, яғни 2007 пәтер құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, күні бүгінге дейін 29 үй пайдалануға берілді. Қалған 8 тұрғын үйдің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.

 

Ясмин Әли

13.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх