Атырауда тұрғындар өз күштерімен спорт алаңын тұрғызып алды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 қараша. Атырауда көп қабатты үй тұрғындары өз күштерімен аулаға спорт ойын алаңын тұрғызып алды. Футбол мен волейбол ойындарына арналған спорт алаңы үшін тұрғындар өз еріктерімен қаражат жинаған.
Поделиться:  

Ерекше алаң Атырау қаласындағы Жарбосынов көшесіндегі 83В, 85, 87Б үйлерінің алаңында орналасқан. 

Аталмыш мекен-жайдағы тұрғындардың бірі Арман ауладағы ортақ мәселелерді бірге талқылау көршілердің әдеткі үрдісіне айналғанын айтады. «Ата-аналарының бір-біріне қарым-қатынасына қарап, балаларымыз да қоршаған ортаға құрметпен қарай бастады. Тәртіпке бағынуды басты талап ретінде қабылдауда», - дейді ол.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің хабарлауынша, аталмыш мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты әлеуметтік нысандар салумен шектелу емес, адамдардың тұлғалық өсуіне ықпал ету. Ерекше айта кетерлігі, тұрғындар алаңның құрылыс жұмыстарына да жалдамалы күшті тартпай, тікелей өздері қатысқан.  Жалпы аумағы 30х12 метрді құрайтын спорт алаңы осылайша небары бір айдың ішінде салынып бітті. Бүгінде тұрғындар аталмыш алаңды Атырау қалалық әкімдігінің балансына алдыру туралы өтініш жазып қалдырған.

 

Ясмин Әли

Сурет Рахим Қойлыбаевтікі

14.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх