Атырауда тұңғыш рет ерекше балалардың аналарына арналған форум өтеді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қараша. Белгілі қоғамдық белсенді, ұйымдастырушы Әйгерім Жәрдемқызының хабарлауынша, облыстық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған форумда ата-аналар «ерекше балаларға қалай күтім жасаған тиімді, заңмен берілетін көмек түрлерін пайдаланып жүрсіз бе?» деген сынды көптеген сұрақтарға жауап ала алады.
Поделиться:  

23 қараша күні Атырауда ерекше балалардың аналарына арналған форум өтеді. Ерекше балалардың аналарына арналған І облыстық форумды  «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.  «Ерекше бала: көмек – күтім – даму» атты форум «Apec Рetro Technic» колледжінің ғимаратында өтеді. Қатысам деушілер «Жас Атырау» порталында көрсетілген сілтемеге өтіп, алдын – ала тіркелуі тиіс. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы форумға республикалық деңгейдегі спикерлер қатысады деп күтілуде. 

 

Ясмин Әли

13.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх